Отбасы құндылығы және балалардың мінез-құлықтары

2510
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Бір ата-ананың балалары биологиялық тұрғыдан ұқсас болып көрінуі мүмкін. Олар бір отбасында, ұқсас ортада өседі. Неліктен олардың қылықтары мен мінез-құлқы әр түрлі болады? Шыны керек, бірінші баланың өмірі, оның туғанынан бастап, екінші баланың өмірінен мүлде басқаша болуы мүмкін. Балалар ата-аналарының өмірінің әртүрлі кезеңдерінде туылады. Мысалы, бірінші бала туылған кезде отбасында атмосфера тыныш және бақытты болды. Ал екіншісі дүниеге келгенде, жағдай қиын және стрессті болып, ата-аналар арасында түсініспеушіліктер орын алды делік. Немесе бір бала жоспарланған, ал екіншісінің туылғаны кездейсоқ, күтпеген жерден пайда болды. Осы себептерге байланысты, тіпті балалардағы жатыр өмірінің кезеңдері де әртүрлі. Бір қызығы, ұқсас егіздер болса да, олардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін.

Бірнеше балалардың дүниеге келу позициясы олардың дамуына елеулі із қалдырады. Оларды тәрбиелеу шарттары бір-бірінен өте ерекшеленеді. Ол туралы Г. Хоментаускас өзінің «Семья глазами ребенка» атты кітабында айтады: «Алғашқы бала - бұл ата-аналар үшін жаңа, белгісіз және қызықты дүние. Ата-аналар өздерін Жаратушы сияқты сезінеді, өздерінің өмірін кеңейтеді. Сондықтан алғашқы бала көбінесе ата-ананың сүйіспеншілікке толы махаббатын, үлкен қамқорлығы мен барша назарын сезінеді». Сонымен қатар балалар көбінесе бейсаналы түрде: "Мен басқалар маған назар аударып, маған қамқор болған кезде ғана бақыттымын" деген ұстанымды ұстанатыны таңқаларлық емес, бұл оларды басқа адамдарға тәуелді етеді, назар аударуды қажет етеді, махаббат пен құрметті талап етеді.

Ал екінші бала ешқашан бірінші баланың жағдайын бастан кешірмейді, оған барлық назар, сүйіспеншілік, махаббат толықтай берілмейді. Зерттеулер көрсеткендей, аналар екінші баламен аз сөйлеседі және аз жұмыс істейді. Мұны алғашқы бала өзінің бастамасымен немесе ата-анасының талап етуімен ішінара құрайды. Мысалы, алғашқы балалар ерте ме, кеш пе кішілердің көшбасшысына айналады, кішілердің дамуына, қызығушылықтарына басшылық жасайды. Бұл кейінгі балалардың дамуына түрткі болады. Ата-аналардың көпшілігі балалардың бір-біріне жақын болғанын, әрқашан көмектесуге және қолдауға дайын болғанын қалайды. Олар мұндай қарым-қатынасты тудыруға және қалыптастыруға тырысады, бірақ бұл жұмыс істемейді. Себебі ата-аналар балалар арасындағы айырмашылықты бейсаналық түрде өздері құрайды. Олар бір баланы мақтайды, екіншісіне ұрысады, осылайша оларды еріксіз бір-біріне қарсы қояды. Нәтижесінде балалар арасындағы айырмашылық күн өткен сайын артып кетеді. Ата-аналар бір уақытта әрекет етуге тырысқанымен, балалар өздеріне деген басқа қатынасты сезінеді, сондықтан психологиялық поляризация күшейеді. Осыдан бір отбасында туған екі баланың қылықтары мен отбасында өзін сезінуі әр түрлі болады.

Бала туа отырып, біз оған тек физикалық дене береміз. Ал мінез, темперамент, тағдырды оған құдірет иесі береді. Сондықтан біз баланың тағдырына ішінара ғана әсер ете аламыз. Қалайша? Біздің оны өсіруіміз, тәрбиелеуіміз, жанымыздың жылуын беруіміз, бізге дұрыс болып көрінетін өмірлік құндылықтарды сіңіруіміз, басқа адамдармен және қоғамда өзін ұстауға үйрету, адамгершілік ережелерін үйрету және т.б. Мұның бәрін бала сөзбен ғана емес, отбасы ішіндегі атмосфераны көрумен өзіне сіңдіреді. Яғни үй шаңырағында қандай атмосфера болса (негатив немесе позитив), бала оны норма деп қарастырып, сол модельді қабылдап, өз өмірінде де қайталайды. Сондықтан үйдегі атмосфераның мақсаты – көбірек жылулық пен махабатты көрсету.

Оларды бір-бірімен салыстырудың қажеті жоқ. Олар инкубатордағы тауық емес, сондықтан олар бірдей болмауы керек. Олардың әрқайсысы әлемге өз міндетімен және өмір салтымен келді. Сондықтан, біздің міндетіміз - баланың өсіп-жетілуіне, мүмкіндігінше пайдалы дағдыларды игеріп, мықты болып өсуі үшін жақсы жағдай жасау. Балаларды бір-бірімен салыстырса, бұл тәсіл оң нәтиже бермейді. Құдірет иесі берген мінез мен қабілетті қабылдап, балалардың бақытына қуану ғана керек.

Софья Ахметжанова

Пікірлер