Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қазақстан 12-орында тұр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Экспресс К-ға" сілтеме жасап.
Атап айтсақ, республикада суицид жасағандардың саны жағынан үш облыс "алдыңғы" орында: Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, еліміздегі суицидтер саны ең маңызды межеден екі есе көбейген.
Мамандардың айтуынша, жастарды өлімге итермелейтін басты себептер: отбасындағы дау-жанжал, баянсыз махаббат, өмірдегі сәтсіздіктер, сондай-ақ шарасыздық.
Сондықтан әр отбасында ата-ана, ересектер жасөспірімнің, оның достарының немесе сыныптастарының мінез-құлқындағы өзгерістерді неғұрлым тез байқап, маманнан көмек сұраса, соғұрлым жақсы болады.
"Адырна" ұлттық порталы.