Біртановтың адвокаты сотқа куәгер ретінде Президентті шақыруды сұрады

1801
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко соттан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты іске куәгер ретінде шақыртуды сұрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда тергеу органдары әлемге танымал Ericsson Nikola Tesla компаниясы жұмыс істемейтін 17 миллион теңгенің платформасын жеткізді деп санайды. Алайда тергеу оны өзі бұғаттап тастады. Осыны растау үшін, құрметті сот, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты куәгер ретінде шақыртуды сұраймын. Ол растап қана қоймай, тікелей өзіне бағынатын тергеу органы - қаржылық мониторинг агенттігінің өтірігіне куә бола алады», – деді адвокат.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамаққа алу мерзімін ұзарту туралы мәселесін қарастырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер