Суреттен ең алдымен не көрдіңіз: мінезіңіздің әлсіз тұсын білесіз бе?

5035

Суреттең ең алдымен не байқадыңыз?

Жолбарыс. Ашушаң адам екеніңіз бет жүзіңізден байқалады. Бірақ өте әділ, адал жансыз. Айналаңыздағы адамдардың ең бірінші жауапкершілігіне, жылдамдығына мән бересіз. Жұмысыңыз әрі қарай табысты болуы үшін, ашуланшақ, қызба мінезіңзіді өзгертуге тырысыңыз.

Арыстан. Сіз үшін отбасыңыз үнемі бірінші орында. Тіпті жұмыста отырсаңыз да, отбасыңызды ойлап, болашаққа алаңдап кетесіз. Оныңыз орынды. Бірақ бос уайымға салына бермеңіз. Денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Жұрттың айтқан пікіріне тыңдамау керектігін білсеңіз де, көңіліңіз ауып тұрады.

Қасқыр. Тұйық, көп сөйлеуді жақтыртпайтын жансыз. Тәкаппарлық бар, бірақ өзіңізге қояр талабыңыздың күші мықты. Өзіңізге сұрақ қою арқылы қателіктерден сабақ алып, қамшылайсыз. Бұл көп адамның қолынан келе бермейтін батыл қадам.

Ит. Мақсатыңыз көп, бірақ жалқаулық жаныңызды жаулап барады. Ашық жарқын, адамдармен тез араласып кететін мінезіңіз сізге әрдайым жаңа орта сыйлауда. Ойыңызда жүрген әр істі шынайы өмірде жүзеге асыруды үйреніңіз. Бағыт таңдаңыз. Қолыңыздан келеді.

Бүркіт. Еркіндікті қалайтын, саяхаттауды ұнататын көңілді жандардың бірісіз. Сіз үшін өмір тамаша, әлем әдемі. Дәл осы позитивті көзқарасыңызды жоғалтып алмауға тырысыңыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы