Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

6152
Adyrna.kz Telegram

Латвия астанасында өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасын жеңді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алғашқы есіпті 34-минутта фин құрамасы сапынан Антон Лунделл ашты. Араға екі жарым минут салып, отандастарымыз таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде екі тарап та гол соқпағандықтан, ойын овертаймда жалғасты. Матч тағдыры буллит сериясында шешілді. Роман Старченконың соққысы Қазақстан құрамасына жеңіс әкеліп, есеп 2:1 болды.

Айта кетейік, Қазақстан командасы алғашқы матчта Латвиямен кездесіп, буллит сериясы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Отандық спортшылар келесі ойынын 25 мамырда сағат 19:15-те АҚШ-қа қарсы өткізеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер