Грузияда қайтыс болған қазақстандық ару зорланған болып шықты

3972
Adyrna.kz Telegram

Грузия прокуратурасы 5 мамырда Тбилисиде суицид жасаған 26 жастағы қазақстандық ару Асель Айтпаеваның зорланғаны туралы айтты,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тергеу барысында қызды өліммен қорқытып зорлағандығы белгілі болды, дейді прокуратура. Бұл оның өзіне-өзі қол жұмсауының себебі болды.

Күдікті 6 мамырда қамауға алынды. Грузия Қылмыстық кодексінің «Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын зорлау» және «Жәбірленушіні қорқыту немесе қатыгездікпен қарау, оның абыройын жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге  оқталу немесе қадір-қасиетін қорлау» ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, дейді прокурорлар.

Естеріңізге сала кетейік, Тбилисиде Асель Айтпаева 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерді, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын айтқан дауысын естуге болады.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото:instagram assel_ayt)

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер