«Дикий Арман» өзіне қол жұмсамақ болды – ІІМ мәлімдемесі

1044
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасына байланысты 20 жылға сотталған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман») өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған азамат өзіне аздаған жарақат келтірген. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Сонымен қатар, Жұмагелдиев ерекше бақылауға алынған, онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде.

Осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру тағайындалған.

Еске сала кетсек, 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда Арман Жұмагелдиев ұсталып, оған бірнеше ауыр қылмыс бойынша айып тағылған болатын. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, заңсыз бас бостандығынан айырған.

2023 жылдың қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында оған және мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты сот процесі басталды. Арман Жұмагелдиев жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды.

2025 жылдың 27 қаңтарында сот үкімі шығып, «Дикий Арман» 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
The husband took a picture. What he sees after is shocking
Реклама
The method will help you fall asleep in a second! I can't believe
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Lifehacks to help you get a great harvest of potatoes
Пікірлер