Жаркент әкімі дөрекі жауабы үшін жазаланды

3811
Adyrna.kz Telegram

Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров белсенділерді қолдауға шыққан жүргізушілерге дөрекі жауап бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында әкімге қатысты «Провокатор сияқты сөйлейді» және «Ашуын жасырмайды және арсыз сөздерді қолданып сөйлейді» деген секілді жазбаларды анықтады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен телефон арқылы.

Осы деректер бойынша департамент Алматы облысы әкімінің аппаратына тиісті шаралар қабылдау үшін хат жолдады.

Алматы облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабы бойынша Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі өкімімен Омаров Б.Ш. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Адырна" ұлттық порталы

(Фото: azattyq-ruhy)

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер