Бала көтере алмай жүргендер вакцинадан кейін жүкті болды

1263

Отандық вакцинаны әзірлеуші ғалымдар тобының жетекшісі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazVac вакцинасы туралы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, отандық вакцинаны сынақтан өткізгеннен кейін ғана қолданысқа жіберген.

«Клиникалық сынақтың бірінші кезеңінде қауіпсіздікті бақыладық, сонда біз оған толығымен дені сау еріктілерді ғана таңдап алдық. Ал екінші кезеңге келгенде тек вакциналауға болмайтын топтарға ектік. Соңғы үшінші кезеңінде ешқандай да шектеу болмады, даладан кім келді, соның бәрін ерікті ретінде қабылдадық. Оның ішінде АҚТҚ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған 3 адам бар. Оларға вакцина салдыруға болмайтынын айтсақ та, тіресіп тұрып алды. Және бір қызық жайт, 10 жылдай бала көтере алмай жүрген әйелдер вакцинадан кейін жүкті болды. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мырзадан сұрасаңыздар, нақты айтып береді. Бізге белгілі ақпарат бойынша еріктінің бірі – 43 жастағы әйел. Ол бізге келіп жылап, 20 жыл бойы бала көтере алмай жүріп жүкті болғанын айтып, алғысын жаудырды (сұхбаттан соң Әсет Қалиевке хабарластық, ол бір емес, дәл сондай тағы екі әйелдің QazVac вакцинасының екі компонентін толық алғаннан кейін бала көтергенін растады), - дейді Күнсұлу Закарья.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы