Суреттен ең бірінші нені көрдіңіз?

6579
Adyrna.kz Telegram

Алма

Алманы байқаған адамға қазір ешнәрсені ойламай, тынығу қажет. Сіз өте жомарт, мейірімді жансыз. Кез келген нәрседе қате жібермес үшін өте ұқыпты әрекет етесіз. Алма жомарттықтың, сабырлылықтың, даналықтың белгісі. Бойыңыздағы күш-қуат, жігер, ынта сізді әрдайым алға жетелейді. Өміріңіз де алмадай дәмді болмақ.

Көбелек

Бірінші көбелекті байқаған болсаңыз, ойыңыз да, өзіңіз де позитивке толы жансыз. Бір сөзбен айтқанда, бақыт құшағындасыз, қанатыңызды кең жайып, қалықтап жүрсіз.

Көбелектер ұзақ өмір сүру мүмкіндігіне ие болмаған. Сондықтан уақытын қызықты, пайдалы етіп өткізуге барын салады. Бірақ сіз де бақытты, қуанышты сәтті бағалауға, қадірін білуге тырысасыз.

Пышақ

Егер пышақты бірінші көрген болсаңыз, қазіргі уақытта сізді бір ой мазалап жүр. Тез арада сол уайымнан арылу қажет. Ішіңізде сақтап жүрген біреуге деген өкпеңіз болса, оны да шығарып тастаңыз. Бұның барлығы сізді, сіздің ойыңызды, көңіл-күйіңізді жағымсыз жаққа қарай өзгертіп жібереді. Иә, өткенді бір сәтте ұмыта салу оңайға түспес, дегенмен тырысып, тек алдағы күніңізді, болашағыңызды ойлағаныңыз жөн.

Жәндік

Сурет бір қарағанда көз алдыңызға қандай да бір жәндікті елестетті ме? Бұл сіздің қырағылығыңызды білдіреді. Көп жерде кемшілікті бірден аңғарып, оны түзетуге, дұрыс жол тауып шығуға тырысасыз. Сондай-ақ сіз әртүрлі жағдайға байланысты өз эмоцияңызды көрсеткіңіз келеді. Бірақ оны іште бүгіп қаласыз. Олай жасау дұрыс емес. Қарқылдап күлгіңіз келе ме, күліңіз. Айқайлап жылағыңыз келе ме, жылаңыз. Өз сезімдеріңізді тежемеңіз.

Пікірлер