COVID-19: Шымкентте соңғы тәулікте 7112 адам вакцина салдырды

1545

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 111 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 73, белгілері жоқ - 38). 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 72 адам үй бақылауында. 3265 адамнан ПТР зерттемесі алынған.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-490, Атамекен клиникасы-450, Орынбай ГБОО-70 орын), төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 657 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 353 науқас емделуде (КВИ-210, пневмония- 131, ЖРВИ- 12), жансақтау бөлімінде - 19 (7 ИВЛ, 12- НИВЛ).

Бір тәулік ішінде қалада 7112 адам вакцина алды
(I компонент-7095, II компонент- 17). Егу науқаны басталғалы барлығы 38107 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6185 адам вакцинаның екінші компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 21 мобильдік топ соңғы тәулікте 385 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Құрметті қала тұрғындары, карантин талаптарын қатаң сақтайық! Бүгінде вирусты жеңудің жалғыз жолы- вакцина болып отыр. Қалада вакцина тегін ерікті түрде барлық емханаларда таңғы 8.00-ден 22.00-ге дейін демалыс күндері де салынуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы