Шымкенттегі білім беру ұйымдарында медиация қызметі ашылды

2738
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиғалар жиі орын алатын криминогенді аймақтар анықталды. Олардың қатарында ішімдік, темекі сататын дүкендер, мектеп маңындағы маскүнемдер жиі шоғырланатын орындар, қараусыз қалған ескі каналдар, құрылысы аяқталмаған қауіп төндіретін ғимараттар мен ойынханалар бар. Аталған орындарда полиция инспекторларының жұмысы күшейтілді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Аналар клубы», «Әкелер клубы», «Ұлдар клубы», «Қыздар клубы» ашылды. 151 мектеп және 11 колледжден медиация қызметі ашылып, 358 педагогқа сертификаттар берілді. Сондай-ақ, білім ұйымдарынан сенім телефондары ашылып, сенім жәшіктері орнатылды. Білім ордаларында 103 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Алдағы уақытта олардың да саны артпақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер