Өткен тәулікте КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді

2601
Adyrna.kz Telegram

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау ұдайы назарда: 22 мобильдік топ мониторинг жұмыстарын атқаруда.

Өткен тәулікте 339 нысанға (320 кәсіпкерлік нысан, 19 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.
Сонымен қатар, 8 сәуір күні КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді: белгілері бар - 50, белгілері жоқ - 22. 18 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 54 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО - 70 орын). Төсек-орын толымдығы – 25 %, 750 төсек-орын бос.
Инфекциялық стационарда 260 науқас емделуде (КВИ-153, пневмония- 99, ЖРВИ- , жан сақтау бөлімінде - 10 (5 ИВЛ, 5 НИВЛ). Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) саны – 327 563.
Қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, санитарлық талаптарды орындауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер