Білім беру саласындағы бес әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр

2796
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «5 әлеуметтік бастама»  әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жалпы ел тұрғындарының хал-ахуалының жақсаруын көздеген жобаның бір тармағы білім саласын қамтып отыр. Бүгінгі күні ҚР Білім және Ғылым министірлігі «Қаржы орталығы» АҚ «білім беру саласындағы бес әлеуметтік жобаны» іске асыруда.

Аталған бағыттағы жобаның негізгі тетіктері, нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыру көздері шеңберінде студенттер жатақханаларын салу және қайта жөндеуден өткізу, жекеменшік мектептер құрылысы, білім беру жинақ шотын жасақтау,  ЖОО-да оқу үшін несиеге кепілдік беру болып табылады.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда республиканың барлық аймақтарында жоғары сапалы «Студенттер үйі» салынып басталды. Бұл ретте Алматы облысы алғашқылардың бірі болып, берілген тапсырманы нәтижелі орындаған аймақтардың қатарында сап түзеп тұрғанын атап өткен жөн. Дәл осылай әлеуметтік бастаманың аясында Алматы, Шымкент қалаларында заманауи талаптарға сай жатақханалар білімгер жастың игілігіне қолданысқа беріліп үлгерген. Алдағы таңда осы тектес жұмыстар жалғасын таппақ. Бір айта кетерлігі мердігерлер құрылысты жеке қаражаты есебінен жүргізеді.  Басты талап, ғимарат пайдалануға өткеннен кейін, әуелгі функциясын атқаруы тиіс. Яғни ол өзге кәсіпорынның бизнес бастайтын нысаны әки, өзгеде мақсаттарға  пайдаланылмайды.  Мердігерлерге, мемлекет тарапынан "Қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде 9% мөлшерлемемен  банк арқылы субсидия беріліп, дайын жобалық- сметалық құжат ұсынылады. Айта кетейік, бұл мемлекеттік тапсырыстан тыс көрсетілетін көмектер болып саналады.

Жобаның ендігі, бағыты мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі. Бұл Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өз атына не баланың атына білім беру жинақтау салымын ашу мүмкіндігін береді. Оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу жолында кәдеге жаратуға болады. Бағдарламаның атауы - «AQYL».

  • Депозит үшінші тұлғалар тарапынан шектеулерден заңды түрде қорғалған;
  • Салымшы отбасы бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты жинақтау сомасы мен мерзімін дербес айқындайды;
  • Білім беру грантын алған жағдайда жинақталған қаражатты өз қалауыңыз бойынша пайдалана аласыз;
  • «Aqyl» білім беру депозиттері қазақстандық қормен қорғалған;
  • 10 миллион теңгеге дейінгі сомаға депозиттерге кепілдік береді;
  • мемлекеттік сыйақы- 5%, 7%-ды құрайды.

«Салымшылар,  «Халық», «Нұр», «Жусан», «БТБ» банктерінің қызметіне  жүгіне алады.  Жинақ шотын ашу үшін, ата-ананың жеке басын куәландыру құжаты мен баланың ЖСН нөмері қажет. Алғашқы салым 8751 теңгеден кем болмауы шарт»,-деп атап өтті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ өкілі Рауан Құрметұлы.

Сонымен қатар, жоба аясында, студенттердің білім алуын жеңілдету мақсатында несие беріледі. Несиенің жылдық пайызы 20% құрайды. Аталған кредитерді тек «Нұр Банк»-тен рәсімдеуге болады.

Жоғары да аталған бағдарламаға қатысу үшін, «Қаржы орталығына» өтініш беріп, келісім шартқа отыру қажет.  Толық ақпаратты орталықтың сайтынан, немесе 8 000 802 828,  8 705 198 0101 нөмерлерінен білуге болады.

 

Пікірлер