ҰҚК ардагері, генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды

5957
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның ҰҚК баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ басшылығы орны толмас шығынға, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Біз шын жүректен қайғыға ортақпыз", делінген хабарламада.

Саясат Мыңбаев бұған дейін ҰҚК-нің әскери қарсы барлау бөлімінің бастығы болған деген ақпарат бар. Ол «Қазақстан темір жолы» бұрынғы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото gov.kz)

Пікірлер