«Алматы облысында балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша ісі сотқа жолданды»

2505
Adyrna.kz Telegram

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды.

Кейін, алған жарақаттардан екеуі қайтыс болды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды.

28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.

 

Алматы облысының прокуратурасы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер