ҚР футбол клубтары еуропа кубогына қатысуға сертификат алды

2751
Adyrna.kz Telegram

Еуропалық жарыстарға қатысушыларды сертификаттау жөніндегі Қазақстан футбол федерациясы комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясының «Сертификаттау ережелерінің» талаптарын іске асыру жөніндегі Сертификаттау комиссиясының отырысында келесі шешімдер қабылданды:

УЕФА-ның 2021/2022 маусымында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы футбол чемпионатын өткізу нәтижелері бойынша, футбол клубтарын сертификаттау ережелерінің талаптарын сақтай отырып, спорттық нәтижелер бойынша УЕФА өткізетін клубтық жарыстарға қатысу құқығына куәлік берілсін және UEFA клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фейр-плэй ережесінің сертификаты берілсін. Бұл футбол клубтары:

"Қайрат", Алматы; "Тобыл", Қостанай; "Астана", Нұр-Сұлтан; "Шахтер", Қарағанды рұқсат етіледі.

2020 жылғы әйелдер командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты қорытындысының спорттық нәтижелері бойынша, Сертификаттау ережелерінің талаптарын сақтай отырып, 2021/2022 жылғы маусымда әйелдер Чемпиондар лигасына қатысу құқығына сертификат берілсін, УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін футбол клубтары мен қаржылық фейр-плэй ережесінің сертификаты берілсін. Бұл футбол клубтары:

«БИІК-Қазығұрт», Шымкент; «Оқжетпес» ҚФК, Көкшетау рұқсат етіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер