Шымкенттік спортшы әлемдегі ең үздік каратэші атанды

5839
Adyrna.kz Telegram

Былтыр Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) рейтингке сүйеніп, әлемдегі үздік каратэшілерді анықтады. Сол тізімде шымкенттік спортшы Дархан Асаділов көш бастады.

Спортшы 9 517 ұпаймен 60 келіге дейінгі салмақта үздік деп танылды. Ал Асаділовтың басты қарсыластары Анджело Кречензо (Италия) мен Шамдан Ерай (Түркия) екінші және үшінші орындарды алды.

Бүгінге дейін 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан жерлесіміз Олимпиада рейтингінде үздіктер қатарынан көрініп (600 спортшының арасында) ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына лицензияны мерзімінен бұрын жеңіп алған болатын.

Айта кету керек, биыл каратэ Токио Олимпиадасында алғаш рет ұсынылады.

Дархан Асаділов өзінің спорттық жолында 11 Премьер-лигаға қатысып, оның сегізінде жеңіске жетті. Ол 1987 жылы туған. Бойы 165 см, жеке жаттықтырушы Ш.Қажымұқан. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер