Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 32 адам қайтыс болды

2189
Adyrna.kz Telegram

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 29 адам, вирустық пневмониядан үш адам қайтыс болды.

23 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 40 441 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 387-і стационарда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ + және КВИ - науқастарының арасында:

- ауыр жағдайда – 689 науқас;

- өте ауыр ауыр жағдайда – 171 науқас;

- жасанды тыныс алдыру аппаратында – 97 науқас.

Сонымен қатар өткен тәулікте 2 894 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР-тест арқылы анықталды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 511, Алматы қаласы - 698, Шымкент қаласы - 131, Ақмола облысы - 126, Ақтөбе облысы - 226, Алматы облысы - 195, Атырау облысы - 133, Шығыс Қазақстан облысы - 98, Жамбыл облысы - 70, Батыс Қазақстан облысы - 181, Қарағанды облысы - 228, Қостанай облысы - 31, Қызылорда облысы - 71, Маңғыстау облысы - 67, Павлодар облысы - 48, Солтүстік Қазақстан облысы - 41, Түркістан облысы - 39.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 300 733 адам.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер