Нұр-Сұлтандық ару көпірден секіріп кетті — оны ер адам құтқарып қалды

3716
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте көпірден өзенге секірген қызды аман сақтап қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы елорда ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарланғандай, 20 сәуірде сағат 11.16-да «Нұр-Сұлтан» ДП жедел басқару орталығының «102» нөміріне Қазақстан СК маңындағы көпірден қыз өзенге секіріп кетті деген хабарлама келіп түсті. Оқиғаға 38 жастағы Денис Синдеев куә болды.

«Мен жақын жерде тұрдым және бір кезде адамдардың көпірден суға секірді деген айқайларын естідім. Жақынырақ жүгіріп бара жатсам, суда қалқып бара жатқан қызды көрдім. Мен еш ойланбастан сыртқы киімдерімді шешіп, өзенге секірдім», дейді Денис.

Қызға жүзіп жеткен құтқарушы оны ұстап алып, жағаға шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Қазір қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғаның мән-жайын Нұр-Сұлтан полициясы зерттеп жатыр. Елорда полициясының бастығы генерал-майор Ержан Саденов Денис Синдеевке ерлігі үшін алғыс айтып, алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер