Нұр-Сұлтанда жаппай вакцинациялану қарқын алуда

3339
Adyrna.kz Telegram

Елордада сәуір айында тек елорда тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар елдің басқа аймақтарынан келген азаматтарын жаппай вакцинациялау басталды.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, сәуір айының басынан бері 47 мыңға жуық адам вакцинацияланған. Сондай-ақ, тұруға ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және тұратын шетелдіктерге вакцина егуге рұқсат етілді.

Халықты вакциналармен кең қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинациялау пункттерінің саны 36-дан 100-ге, жұмыс уақыты 8: 00-ден 24: 00-ге дейін, медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары, сауда және ойын-сауық орталығында - 10: 00-ден 22: 00-ге дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, вакцинация аймақтары қаладағы екі ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында - «Mega Silk Way» және «Хан Шатырда» ұйымдастырылды. Мысалы, Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында азаматтарды бір апталық қабылдау үшін 1700-ден астам адам вакцинация алды. Екінші сауда-ойын-сауық орталығы - «Хан Шатыр» бүгін (19 сәуір) азаматтарды жаппай вакцинациялай бастады. Жақын уақытта мұндай пункттер «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында және Абу-Даби Плаза кешенінде ашылады. Қажет болса, қаланың қонақ үйлерінде вакцинация пункттері де ашылады.

Халықтың COVID-19-қа қарсы вакцина алу белсенділігі жоғары болғандықтан, денсаулық сақтау басқармасы еңбек ұжымдарына жаппай вакцинациялауды бастаған мобильді топтар ұйымдастырды. Әр түрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға дейін жетеді. Жалпы, қазірдің өзінде қалада 60 мыңға жуық адамға екпе егілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер