Танымал әнші Алтынай Жорабаева вакцинацияға қарсы

3163
Adyrna.kz Telegram

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева еліміздегі вакцинациялауға байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Алдыңғы постта «Вакцина зиян» десем, «Сен дәрігерсің бе? Зерттедің бе?» деп жатыр. Қаншама вакцина салдырған адам қайта ауырып, немесе 2-3 күн қатты қиналып жатқандарын айтып жатыр. Ал вакцина алып, жеңіл қабылдаған адамдардың иммунитеті күшті. Ал сол иммунитеті күшті адамдар онсызда ковидпен ауырмайды ғой. Ешқандай прививка, ешқандай вакцинаның пайдасы жоқ! Неге қазір бедеулік көп? Себебі неше түрлі прививка алған ата-анадан туылған балалар. Бұл жерде де, көбінесе тек иммунитеті мықтылар ғана ағзасы күресіп, балаларын дүниеге әкеліп жатыр. Сенбесеңіздер, адамға салынған бүкіл прививканы, вакцинаны қояндарға жасаған. (Келесі фотоны қараңыздар, немесе гуглдан теріп, оқып шығыңыздар). Енді «Короновирусқа» қарсы вакцинаны салдырсам?!

  1. Мен бетперде тақпай жүре аламын ба?

Жауабы: жоқ

  1. Жұмысымды немесе бизнесімді ашып, жұмыс істей аламын ба?

Жауабы: жоқ

  1. Ковидқа қарсы иммунитет болады ма?

Жауабы: Мүмкін, бірақ нақты жауабы жоқ

  1. Вакцинаны салдырдық делік, менен басқа адамдарға ковид ауруын жұқтыру қаупі жоғала ма?

Жауабы: Ешкім нақты жауап бере алмайды

  1. Барлық балаларға екпе жасатсақ, оқу орындары ашылады ма?

Жауабы: жоқ

  1. Мен екпе жасатсам, әлеуметтік арақашықтықты сақтамасам болады ма?

Жауабы: жоқ

  1. Мен екпе жасатсам, әр 5 минут сайын қолымды дезинфекциялау әрекетінен босатыламын ба?

Жауабы: ЖОҚ

  1. Өзіме және жасы 65 тен асқан анама екпе жасатсам, ол кісімен құшақтаса аламын ба?

Жауабы: жоқ

  1. Екпе жасатқан адамдар топтасып, жинала алады ма?

Жауабы: жоқ

  1. Екпе жасатудың шынайы көмегі қандай?

Жауабы: Вирус сені өлтірмейді

  1. Вирус мені өлтірмейтіне сенімдісіз бе?

Жауабы: жоқ

  1. Мен короновируспен ауырып, тірі қалдым делік. Маған екпенің қажеті не?

Жауабы: Басқаларды вирустан қорғау үшін.

  1. Сонда мен екпе жасатсам, басқа адамдар 100% ауырмайды ғой?

Жауабы: жоқ

  1. Біз бәріміз короновируспен ауырсақ, табиғи түрде имуниттеттіміз бар ғой?

Жауабы: жоқ

Күлейін бе? Жылайын ба?

Негізі, шығарылған кез келген вакцина, кемінде 5 жыл зерттелуі тиіс!», – деп жазба жариялады әнші.

Пікірлер