Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева еліміздегі вакцинациялауға байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Алдыңғы постта «Вакцина зиян» десем, «Сен дәрігерсің бе? Зерттедің бе?» деп жатыр. Қаншама вакцина салдырған адам қайта ауырып, немесе 2-3 күн қатты қиналып жатқандарын айтып жатыр. Ал вакцина алып, жеңіл қабылдаған адамдардың иммунитеті күшті. Ал сол иммунитеті күшті адамдар онсызда ковидпен ауырмайды ғой. Ешқандай прививка, ешқандай вакцинаның пайдасы жоқ! Неге қазір бедеулік көп? Себебі неше түрлі прививка алған ата-анадан туылған балалар. Бұл жерде де, көбінесе тек иммунитеті мықтылар ғана ағзасы күресіп, балаларын дүниеге әкеліп жатыр. Сенбесеңіздер, адамға салынған бүкіл прививканы, вакцинаны қояндарға жасаған. (Келесі фотоны қараңыздар, немесе гуглдан теріп, оқып шығыңыздар). Енді «Короновирусқа» қарсы вакцинаны салдырсам?!
- Мен бетперде тақпай жүре аламын ба?
- Жұмысымды немесе бизнесімді ашып, жұмыс істей аламын ба?
- Ковидқа қарсы иммунитет болады ма?
- Вакцинаны салдырдық делік, менен басқа адамдарға ковид ауруын жұқтыру қаупі жоғала ма?
- Барлық балаларға екпе жасатсақ, оқу орындары ашылады ма?
- Мен екпе жасатсам, әлеуметтік арақашықтықты сақтамасам болады ма?
- Мен екпе жасатсам, әр 5 минут сайын қолымды дезинфекциялау әрекетінен босатыламын ба?
- Өзіме және жасы 65 тен асқан анама екпе жасатсам, ол кісімен құшақтаса аламын ба?
- Екпе жасатқан адамдар топтасып, жинала алады ма?
- Екпе жасатудың шынайы көмегі қандай?
- Вирус мені өлтірмейтіне сенімдісіз бе?
- Мен короновируспен ауырып, тірі қалдым делік. Маған екпенің қажеті не?
- Сонда мен екпе жасатсам, басқа адамдар 100% ауырмайды ғой?
- Біз бәріміз короновируспен ауырсақ, табиғи түрде имуниттеттіміз бар ғой?