Алматы облысында тілсіз жау саяжайлар мен қайықтарды жалмап кетті

2727
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Алдын ала алынған ақпараттар бойынша, саяжайлар, балық аулау базаларындағы су көлігі өртенген. Бір адам күйікпен ауруханаға түскені белгілі болды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өрт Алматы облысының Балқаш ауданында болғанын хабарлады. Енді өрт өзен атырабының батыс бөлігінен Іле өзені атырабының шығыс бөлігіне, балық аулау кәсіпорны жоқ Іле-Балқаш қорығына қарай жылжыды.

Іле өзенінің атырабындағы «Иир-Майтанская көлдер жүйесі» балық аулау алаңында, тілсіз жау туристерді қабылдауға арналған 4 коттеджді, балық қабылдау пунктін және екі бірдей су көлігінің жалмап кетті. Осы балық өсіру зауытының қызметкері де ауыр күйікпен ауруханаға түсті. Фермадағы өрт қазірдің өзінде сөндірілді.

Өрт Іле атырабындағы Нижне-Байменейская көлдер жүйесіндегі екі саяжай мен төрт су көлігінің қиратты.Бұл фермада да өрт сөндірілді.

Экология министрлігі Балқаш өңіріндегі қатты желдің салдарынан өрттің Тау-Құм орманына қарай өткенін хабарлады. Бұл бір күн бұрын, 14 сәуірде болды.

Бүгін «Казавиалесохрана» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері өрт шыққан аумақты айналып өтті. Ұшқыштың айтуынша, желдің басылуына байланысты өрттің таралуы тоқтаған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер