Жириновский қазақтар туралы тағы орынсыз пікір айтты

2819
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский «Комсомольская правда» радиосына сұхбат берді. Сұхбатта ол Қазақстанға және қазақтарға қатысты тағы да ойларын айтты.

«...Мен Алма-Атада тұрдым. Ол жерде, жалпы Қазақстанда орыстар көп еді. Класта 30 оқушы болса, оның үшеуі ғана – қазақ. Олар біздің арамызда өздерін жақсы сезінетін, арамызға сіңісіп те кетті, тек орысша сөйлейтін. Содан кейін Алма-Атада қазақ мектептері ашыла бастады. Алайда оларға ешкім бармады. Барлығына орыс мектебінде, орыс балаларымен бірге оқыған тиімді еді. Дүңгіршектерде қазақ және орыс тіліндегі газеттер тұрады. Адамдар орысша газеттерді сыпырып алып кетеді де, қазақ газеттері өтпей жатады. Одан кейін макулатураға кетеді.

Бұл ұлттандыруды Хрущев бастады. Енді бізде ондай жоқ. Бірақ олар (қазақтар – ред.) бізге келеді, ана жақта өмір сүру мүмкін емес. Онда квазимемлекеттік, сондықтан да кедей.

Олар Ресейге келуге тырысады. Онда былай істейік, оларды әкелейік те, бос жатқан жерлерге қоныстандырайық. Кедергі туындамас үшін өз отбасымен тұрсын. Ең дұрысы – өз үйлерінде қалсын. Бізге артық адам керек емес».

Пікірлер