“Медресе мұғалімі” қайырымдылық жәшігін ұрлаған

3351
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 35 жастағы азамат өзін медресе қызметкері ретінде көрсетіп, қайырымдылық жәшіктерінен ақша ұрлаған деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 1986 жылы туған күдікті бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Оның шағын азық-түлік дүкендеріне келіп, садақаға арналған қораптардың ішіндегі ақшаны алаяқтық жолмен иемденіп алғаны белгілі болды.

«Ол өзін дүкен жұмысшыларына медресе мұғалімімін деп таныстырды. Бір жерде ол қораптарды ашқан, ал ашуы қиын болған жерлерде қайырымдылыққа жиналған қаражатты қорабымен бірге алып кеткен. Тек Алатау ауданында ғана оның осындай үш алаяқтыққа қатысы бары дәлелденді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу барысында басқа да қылмыстық эпизодтардың анықталуы мүмкін. Қазір күдіктінің жеке басы мұқият тексеріліп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Пікірлер