Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуына байланысты облысқа кіру және шығу бойынша тыйым салынды. Облыста карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Турдиевтің жаңа қаулысында айтылды.
«Осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда олар растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, азаматтардың облыстың аумағына (аумақтарына) кіруіне / шығуына тыйым салынады. Ерекше жағдайларда санитарлық посттардан адамдардың жекелеген санаттарына шығуға және кіруге рұқсаттар, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, қаланың / ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін», - делінген құжатта.Шектеу шаралары талап етілмейді:
- қоғамдық өмірді қолдау ұйымдарының, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, құқық қорғау,
- арнайы жедел және төтенше жағдайлар қызметтерінің қызметкерлері;
- медициналық себептер бойынша шығатын және кіретін адамдар;
- карантиндік ауруханаларда емделген және бақылауға алынған адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
- тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және аймақ тұрғындары (бір отбасы мүшелері) саяжай үйлеріне бару үшін (саяжайлар, омарташылар, саятшылықтар, қыстақтар) құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған кезде;
- ауысымдық жұмысшыларды тасымалдайтын машиналар және басқа санаттағы жандардан.
"Адырна" ұлттық порталы