Жезөкшеліктің нарықтағы құны бұзылса да жақсылық емес

1256

Қоғамда бар көп дерттердің бірі — тән саудасы... Халық арасында едәуір дүрбелең туғызған «Аяжан оқиғасы..»-на бүгін нүкте қойылғандай. Оқиға барысын сан-саққа жетелеген жұрт, «Аяжан тәнін 500 мың теңгеге саудалаған..» деген ақпаратты оқи сала, сілтідей тына қалды.

Қоғамдағы осы оқиғаға қатысты дүрбелеңді тоқтатудың жалғыз-ақ нұсқасы — жұрт арасына тергеу кезінде анықталған қылмыстық істің бір жапсарын ұсынып,тыныштандыруды дұрыс деп шешіпті.

Мүмкін, ІІбасқармасы, өздерін «жылдам қозғалмады, арыз қабылдамады..» деп жалалаған ағайынды «бесінші точкасына» отырғызу үшін әдейі жіберілген ақпарат та болуы мүмкін.

Жалпы, «қара нарықтағы» қыз қыздығы бағасы едәуір қымбат.

Ал 500 000 теңгеге тәнін сату — өзіне жоқ бағаны қойып алған сайқалдармен бір реттік ләззат үшін төленетін ең төменгі баға!

Өйткені, бір реттік ләззат үшін 50 000 000 теңгенің пәтерін, 40 000 000 теңгенің автокөлігін бопсалап жүргендерді көргенбіз.

Орыста «карьера женщины через постель..» дейтұғын ұғым бар.

Қанша қыз-келіншек өз тәнін саудалау арқылы қызмет биігіне көтерілсе, біразы ақшалы байларға тоқал болып жүр.

Ерін мен омырау ісіріп өсіру де осы жолда өзін қымбатқа өткізу үшін емес пе?!

«Әдемі болып туудың жарты бақыт екенін. Осыған қосымша айтқанды орындай беретін қыз-жігіттің 100% бақытты екенін» жазғанмын.

Осындай «ханшайымдар» кесірінен, арына дақ салу қанында жоқ қанша ақылды қаракөз қыздарымыз «төменде» жүр.

Қайсыбір мекеме қызметіндегі қыз-келіншектер 50% қызметке жұмысты жүргізу үшін алынса, қалған 50% ойын-сауық үшін керек «қажеттіліктер».

Ал тоқал біткеннің «сүйіп қосылдық..» деп жүргендері ұлы махаббат сезіміне көлеңке түсіретін «жезөкшелер ісі» ғана.

Пысы:

Бұл тән саудасында да, басқа да нарықтардағы дұрыс қойылмаған тауар бағасы немесе дұрыс көрсетілмеген қызмет үшін болатын кикілжіңдер секілді, жанжалдардың болатыны рас.

Өйткені, бір реттік ләззат құны 50 мың теңге болғанда, 500 000 теңге сұраудың соңы — тұп-тура өлімге апарған...

Естеріңде болсын! Арлы адам — құнсыз!

Ал, өзіне құн қойғанның бәрі, мейлі ол кім болмасын, жезөкшелер!

Тортуыл Шоқанның

әлеуметтік желідегі жазбасынан.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы