Тұман мен көктайғақ: Еліміздің 7 өңірінде ескерту жарияланды

2430
Adyrna.kz Telegram

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

31 наурыз 1 сәуір аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер шашын жауады. 31 наурыз - 2 сәуірде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 31 наурызда кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз 31 наурыз, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Таразда түнде 1 сәуір күні нөсер жауын жауады. 31 наурыз-2 сәуірде кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 31 наурызда найзағай ойнайды. Күндіз 31 наурыз - 1 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. 31 наурыз күні Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік-батыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылордада 31 наурызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 31 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысыың кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. 31 наурызда-1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 наурызда, түнде 1 сәуірде кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа, күндіз 1 сәуірде күші 15-20-қа, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Петропавлда күндіз 31 наурызда, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде екпіні 25 м/с болады. 31 наурызда-1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 наурызда, түнде 1 сәуірде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда күндіз 31 наурызда, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі.

Пікірлер