Әскери бөлімнен қашып кеткен 19 жастағы сарбаз іздестірілуде

2888
Adyrna.kz Telegram

Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 сайты. 

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі, ол басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал, сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді.

«Соңғы рет 20-сында звондады, «бәрі жақсы мама, уайымдамаңыз»-деді. Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па, деп сұрадым. «Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы», деді»,-дейді сарбаздың анасы Гүлжан Арысбаева.

«Не себептен қашып кеткені бізге беймәлім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласында осы әскери бөлімнің қызметкерлері және құқық қорғау органдары тарапынан Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіпжатыр. Әзірге нәтиже жоқ»,-дейді 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер