Сыр елінің күйші, жыршы-жырауларының кеші өтті

6571
Adyrna.kz Telegram

"Алатау" дәстүрлі өнер театрында қазақтың ұлттық жыр-жауһарларының керуені жалғасуда. Арқа өлкесінің «Інжу маржан», Алтай-Тарбағатай жерінің «Ағажай, Алтайдай жер қайда...» атты концерттік шараларынан кейін,  «Қанекей тілім сөйлеші» деп аталған Сыр бойының күйші, жыршы-жырауларлырының кеші өтті.

o-zha-ta-yi-anatyi

Сыр елін «Сүлейлер елі» деп тегін атамаса керек. Сыр елінен шыққан Ешнияз сал, Балқы Базар, Жиенбай жырау, Шораяқтың Омары, Сәрсенбай, Нұртуған, Тұрмағанбет, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Жаңаберген, Бұдабай, Нартай сияқты ақын-жыраулардан бастау алатын сүлейлер шоғырын олардың кейінгі буын ұрпақтары – Мұзарап, Рүстембек, Көшеней, Шәмшәт, Арзулла, Сұраған, Рысбек, Бекұзақтар болса, осы дәстүрді бүгінгі буын жыршы-жыраулары лайықты жалғастырып келеді.

«Кімнің батыр, кімнің бақыр екенін жырау білер» деген екен Қорқыт бабамыз. Жыраулық дәстүр тарихының бастау бұлағы, сонау Түркі дәуірінің «Орхон Енисей» жазуындағы мадақ жырларынан, «Оғызнама», «Қиссас үл Әнбия» жазба әдебиет мұраларынан тамыр тартады.

sol-zha-anat

Сыр бойы ғажап өлкесің

Толқисың тыңдап термесін

Сияқты сырда ақындар

Жасаған жырдың көрмесін

Керемет ғажап ойланам

Жырмен тұр тұнып айналам

Өзгеше сырдың мақамы

Жаныңды жіпсіз байлаған

Бесікте балаң бұлқынған

Желіде тайың жұлқынған

Жыр жинап алып жүрмін мен

Көшкенде қалған жұртыңнан – деп сөз бастаған Көшеней жыраудың ұлы Арнұр Көшеней айташы (жүргізуші) болған жыр мен күй кешінде Бидас Рүстембеков, Құрмаш Жүгінісов, Ұлжан Байбосынова, Ғанибек Өмірзақов, Ақмарал Ноғайбаева, Ерболат Мұстафаев, Болат Баймұратов, Ақмарал Қалданова, Серікқали Жұбаниязов, Ғибрат Жұмағұлов, Әзілхан Мақсатбаев, Әлімжан Әбсадықов, Бейсенбек Төлеубаев, Нұршат Ақбаева, Айбек Тәңірбергенов, Зүлфия Баймұрзаева, Құрманбек Бекпейісов, Мұхамедәлі Бекпейісов, Алдияр Шағдатов, Нұртілек Ақтаев, Абылайхан Ысқақов,  Елмұра (Эльмира) Жаңабергеновалар (жыршы-жыраулық үш мектептің де өкілдері) өнер көрсетті.

Қысқы Универсияда басталғалы бері концерт тамашалауға келген халықтың "Алатау"  дәстүрлі өнер театрына деген ықыласы ерекше. Күн сайын әр өңірдің әнін тыңдап, шын өнерпазды танып жатыр.

 

n-rshat-a-baevazulfiya-baymurzaevarmanbek-bekpeyisovn-rtilek-a-taev

 

 

 

 

 

 

 

elm-ra-zha-abergenovabeysenbek-t-leubayaldiyar-sha-datov

beysenbek-t-leubayevaybek-t-irbergen

limzhan-bsadyi-ov

zilhan-ma-satbaev

rmash-zh-ginisoverbolat-m-stafaevibrat-zh-ma-lov
a-maral-aldanova
abyilayhan-yis-a-ovarn-r-k-sheneya-maral-no-aybaeva

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

a-sha-atovbolat-baym-ratov

anibek-mirza-ov

lzhan-baybosyinova

Пікірлер