Шымкенттегі №12 спорт мектебінің қосымша ғимараты жыл соңында пайдалануға берілді

1530

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу жұмыстары өткен жылдың жазында басталды. Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «КАЗОЙЛСЕРВИС» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 750,5 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жер жұмыстары – 10 пайызға, ирригация – 20 пайызға орындалды.

Спорт мектебінде 6-18 жас аралығындағы жастарды спорттың 8 түрінен спортқа баулиды. Атап айтқанда волейбол, бокс, дзюдо, еркін күрес, үстел теннисі, баскетбол, таеквондо, пауэрлифтинг. Бүгінде мұнда 746 спортшы шұғылдануда.

Қосымша ғимараттың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Жаңа нысанда қосымша 200 спортшының жаттығуына және түрлі спорт ойындарынан жарыстар өткізуге мүмкіндік туады. Одан бөлек бадминтон спорт түрін қосу да көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы