Министр Цойға «қой» дейтін адам жоқ па?

7434
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі А.Цойға қатысты кешелі бері әлеуметтік желі беттерінде қарсылық пікірі қарша борауда. Бұған себеп, министрліктің "жыныс ауыстыру туралы" заңы болды деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Инстаграм, Фейсбук әлеуметтік желілері "министр Цойға "қой" деу керек" деген сарындағы пікірлерге толды. Сондай пікірлер арасында Абрахман Белғожаевтың шығарған төмендегі өлең жолдары көптің көңілінен шыққаны сондай, алғысын жаудырған комменттер тоқтар емес.

Жыныс па, жын іс пе?

Маскамен бітеп тынысты,
Істетті үйден жұмысты,
Ауыстырмақ енді кеп,
Құдай берген жынысты!

Мұны естіп арқам құрысты,
Ойы бұл кімнің жымысқы?
Қазаққа шетел дәстүрі,
Болсын дей ме екен жұғысты?!

Сыйламай Ұлы ұлысты,
Кім бастады екен бұл істі?
Құтылмай жатып ковидтен,
Бұл іске неге кірісті?!

Дұрыс деу керек дұрысты
Бұрыс деу керек бұрысты,
Оттамау керек әркім бір,
Тыныш екен деп қыр үсті!

Есеппен әркім бір ішкі,
Білгенін бүгін қылысты.
Алғандай бөліп байлықты,
Көп келімсек қыл үсті.

Естиміз небір сыбысты,
Қаламаса да ұрысты,
Ұмытқан жоқ әлі бұл қазақ,
Исатайдан қалған қылышты!

Өзгертемін деп жынысты,
Цойдың да бүгін жыны ұшты.
Сол жынмен бірге Цойың да,
Босату керек жұмысты!

P.S. Дәстүрге болам жылда жақ,
Өтпесе сөзің - бұл да азап!
Денсаулығын елдің ойлайтын,
Табылмай қалды-ау бір Қазақ!

Абдрахман БЕЛҒОЖАЕВ.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер