Атырауда Жергілікті бюджет кірісі 20 млрд теңгеге артық орындалды

3706
Adyrna.kz Telegram

.Бұл туралы облыстық мәслихаттың 2 сессиясында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мәлім етті.

Отырысқа аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, басқарма басшылары, онлайн режимде аудан әкімдері қатысты.

«Жергілікті бюджет бойынша болжам 350,4 млрд. теңге болса, 371,1 млрд. тенге көлемінде нақты төлем түсіп, болжам 20,7 млрд. теңгеге немесе 105,9 пайызға артығымен орындалды»,- деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев.

Сондай-ақ, пандемияға байланысты 187 мыңға жуық қызметкері бар шағын және орта бизнестің 12 мыңға жуық салық төлеушілері ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған.

Сонымен қатар, Б.Шанаев Департаментпен 953 079 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 928 162 немесе 97,4 пайызы электронды түрде ұсынылғанын жеткізді.

Жиын соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов «әр қабылданған шешім жұмысты әрі қарай жандандыруға оң ықпал ететінін, жоспарланған жұмыстар өз уақытында және сапалы орындалу қажеттігін» баса айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер