Қармақшы ауданында үй өртеніп, 4 адам қайтыс болды

2948

Қызылорда облысына қарасты елді мекенде тұрғын үй өртеніп, 4 адам жан тапсырды. Бұл туралы Гүлшара Әбдіқалықова өз facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды:

С. Өміртаева (2001ж.),
Р. Айтмаханова (1981ж.),
Н. Айтмаханова (2000ж.),
С. Мырхиев (1999ж.).

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 ж.туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

Өртті сөндіруге ТЖД , ӨКМ, ЖАО, прокуратура , БСМК қызметкерлері жұмылдырылды.

Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын.
Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді.

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар