4 келіден астам марихуана тәркіленді

1782
Adyrna.kz Telegram

Полицейлер Арыс қаласының тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Арыс АПБ-нің полицейлері және аудндық прокуратура бірлесе отырып, аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер Арыс қаласы тұрғынының үйін тінту кезінде ерекше хош иісі бар өсімдік тектес есірткі затты тауып, сараптамаға жіберді»,-делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг-нан асатын “кептірілген марихуана” болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Сондай-ақ, жедел уәкілдер аудан орталығына есірткі жеткізудің жолын айқындайтын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер