Маңғыстаудағы шағын бизнестің 50% астамы әйелдерге тиесілі

2280
Adyrna.kz Telegram

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша іске қосылған 879 жобаның 463-і әйелдердің үлесінде.  Соның арқасында  230-дан астам жұмыс орны ашылды.

«Нұр капитал» өңірлік бағдарламасын іске асыруға да кәсіпкер арулар белсенділік танытып келеді.  Нәтижесінде нәзік жандылардың күшімен 1,35 миллиард теңгеге 69 жоба ашылды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 395 шағын несие беріліп  401 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде кәсіпкер әйелге 198 шағын несие берілді. Осылайша, өңірдегі  шағын несие санының 53,1 % әйел кәсіпкерлер құрайды.

Пікірлер