Бүгін - Әлихан Бөкейхановтың туған күні

1889
Adyrna.kz Telegram

Бөкейханов Әлихан (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

1866 жылы 5 наурызда (өзінің тергеуде берген жауабынан) бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында туған. Әлекеңнің туған жылы туралы деректер әр түрлі. Оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған құжатта Әлекеңнің Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлекең училищеге 1878 жылы 16 қыркүйекте түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Сондықтан оның 1866 жылы туғаны күмән туғызбаса керек.

 

Пікірлер