Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Алматы облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы
23-24 ақпанда Қостанай облысында қар, 23 ақпанда кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі.
23-24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз 23 ақпанда кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23, түнде 24 ақпанда 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі.
25 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 24 ақпанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. 24 ақпанда ауа температурасының 2 градус аяз-3 градус жылы, кей жерлерде 5-10 градус аяз, облыстың солтүстік аудандарда 13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда тұман, көктайғақ, 25 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз 23, тәулік бойы 24, түнде және таңертең 25 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. Түнде 25 ақпанда ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Күндіз 24, тәулік бойы 25 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 25 ақпанда ауа температурасының 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяздан 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
24 ақпанда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында ауа температурасының 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Ақтөбе облысы
23 ақпанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, кей жерлерінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы
23-25 ақпанда жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Күндіз 23 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
23 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде күші 15-20 м/с. Атырау қ.: 23 ақпан түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
24 ақпанда Маңғыстау облысында ауа температурасының 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 23 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 23 ақпанда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
23-24 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ: 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ: күндіз 23 ақпанда жаяу бұрқасын, жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы
23 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.Қызылорда қ.: 23 ақпанда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Адырна» ұлттық порталы