Дәрігерлер екпе салдыруды өздерінен бастады

2747
Adyrna.kz Telegram
Суретте Түлкібас аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақыт Тұрлыбеков.
Суретте Түлкібас аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақыт Тұрлыбеков.

Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас аудандық ауруханасында да «Сovid-19» инфекциясының алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық егу ем-шаралары басталды. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алғашқылардың бірі болып екпені аудандық аурухананың бас дәрігері мен орынбасарлары салдыруды бастады. Ресейлік «Спутник V» атты екпені салдыру 2 бөліктен және 3 кезеңнен тұрады. Яғни бірінші бөлігін салдырғаннан кейін 21 күн өткен соң екінші бөлігі салынады.

Жалпы 3-кезеңнен тұратың екпе егу шарасының 1-ші кезеңі ағымдағы жылдың 1-ші ақпанынан басталды. Бұл жерде инфекциямен күресте алдынғы шепте жүрген аурухананың бас дәрігері мен орынбасарлары, жедел жәрдем қызметкерлері, инфекция және қабылдау бөлімінің медициналық қызметкерлеріне егіледі. 2-ші кезең ағымдағы жылдың 1-ші наурызынан бастау алмақ. Ол жерде қалған медицина қызметкерлері мен мүғалімдерге егу жоспарлануда. 3-ші кезең ағымдағы жылдың 1-сәуірінде басталады. Бұл кезеңде мемлекеттік және құқық қорғау органының қызметкерлері егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға егіледі. Екпе салдырар алдында әр бір азамат медициналық тексерістен өтіп, дәрігердің рұқсатынан кейін салдырады. Және салдырып болған соң 30 минут дәрігер бақылауында болады.

Айта кетерлік екпені жоғарыда аталған санаттағы азаматтар өз еркімен ғана салдырады.

Пікірлер