3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді

2019
Adyrna.kz Telegram

Үш мың еріктіге отандық QazCovid-in вакцинасы егілді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«11 қаңтар күні еріктілерді іріктеу аяқталып, 3000 адамға егілді. Қазіргі уақытта зерттеуге қатысушыларға динамикалық бақылау жүргізілуде. Вакцинациядан қорғаныс әсері бірінші дозаны енгізгеннен кейін 12 күннен кейін біліне бастайды, бірақ толық қорғауды қамтамасыз ету үшін екі доза қажет, оларды 19 күннен 23 күнге дейінгі аралықпен енгізу ұсынылады. Вакцина организмнің иммундық реакциясын тудырады», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осыдан кейін иммундық жүйе вирусты танып, антиденелер пайда бола бастайды. Аурумен күресу үшін пайда болатын ақуыздар, вирусты есте сақтап, егер вирус қайтадан денеге енсе, онда иммундық жүйе дереу әрекет етіп, оны жояды. Оның көбеюіне және аурудың тудыруына жол бермейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер