Қазақ тілін білмейтіндердің жалақыларын қысқарту керек!

3518
Adyrna.kz Telegram

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент, айтыскер ақын Айбек Қалиев "Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, ғылым бағыты бойынша "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, PhD докторы, лингвист Қуаныш Жұмабекұлы Айбек Қалиевке төмендегідей сұрақтар қойды:

1) 10 қаңтарда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. 15 қаңтарда VII шақырылған парламент мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары ант берді. Жандарбек Бұлғақов ант беру рәсімінің мәтінін айта алмаған депутаттарды сынаған болатын.

Халық тілінде сөйлей алмайтын халық қалаулылары жайлы не айтасыз?

2) Президент өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ниет дұрыс болса, қазақ тілін меңгеруге болатынын айтты.

Биыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атап өтіледі. 30 жыл өтсе де, әлі күнге дейін қазақша білмейтіндер жетерлік.

Қазақ тілін білмейтіндер, қазақ тілін білгісі келмейтіндер емес пе?

3) Жалпы, орыстілділер қазақ тілін үйретуге арналған оқу құралдары тиісті деңгейде дайындалмаған дегенді алға тартады. Бұл сылтау ма, әлде себеп пе?

4) Журналист Анна Данченко «Қазақ тілін білмейтіндердің жалақыларын қысқарту керек, сонда ғана бәрі қазақша үйренеді», – дейді. Алып-қосарыңыз.

5) Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына қанша уақыт қалды деп ойлайсыз?

6) Ән де тәрбие құралы ғой. Кейінгі кезде ән мәтіндерінде талғамсыз, татымсыз, тіпті әдепсіз сөздер көбейіп барады. Ақын ретінде айтарыңыз?

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

Инстаграм: kuanysh_zhumabekuly

YouTube: Қуаныш Жұмабекұлы

Пікірлер