Димаш 500 мың доллар тарата ма?

2259
Adyrna.kz Telegram

Белгісіз бір адамдар әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, фейк аккаунтпен жалған ақпарат таратуда. Олар әншінің Instagram желісіндегі фотосуретті пайдаланған, деп хабарлайды «Адырна» қлттық порталы Newsroom+ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл жайлы әншінің әкесі Facebook парақшасында жазды.

Қанат Айтбаев алаяқтардан сақтануға шақырады. «Назар аударыңыздар! Бұл жалған ақпарат. Алаяқтардан сақ болыңыз»,- деп жазды Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған. «Мен Димаш Құдайбергенмін. Мен 500 мың АҚШ долларын таратамын. «Махаббат» деп жазған алғашқы 100 адамға 5000 доллардан жолдаймын», – деп жазба қалдырған белгісіз адамдар.

Пікірлер