Оралда әйел күйеуін пышақтап өлтірді

3345
Adyrna.kz Telegram

Оралда әйел азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Ер адам жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 желтоқсанда түнгі екі шамасында Кердері көшесінде орналасқан үйде болды.

"37 жастағы әйел жанжал кезінде бірге тұратын азаматтың кеуде тұсына пышақ жарақатын салды. Ер адам жедел жәрдем жеткенше алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер