Берілген алты суреттен жаныңызға жақын бірін таңдап, сәйкес жауапты оқыңыз.
1. Жомарт та саналы жан
Барлығынан биік болуға тырысасыз, менмендігіңіз басымдау. Адамдар сіздің жаныңызда жүруге қиынсынуы мүмкін, алайда сізге өзіңізбен өзіңіз болудың өзі қиын. Жұмысты бар ынтаңызбен, беріліп атқарасыз. сіз эгоист емессіз. сіз жұмыс істейсіз, себебі әлемді жақсартқыңыз келеді. Жаныңызға жара салмайынша барлығын жақсы көресіз. Ренжіткен күнде де жек көріп кетпейсіз. Кек сақтамайсыз, кешіре білесіз. Бұл қасиетіңізді бағалайтындар аз.
2. Тартымды да турашыл
Жауапкершілігі мол жансыз. Басқаларға қамқорлық танытқанды, көмектескенді жақсы көресіз. Адал еңбекке сенім білдіресіз, жоғары жауапкершілікті еш қиындықсыз мойныңызға жүктеп аласыз. Мінезіңіз жібектей жұмсақ. Адамдар сізге көп сенәм артады. Ашық, шапшаң, тапқыр адам деп сізді айтамыз. Айтар қызығыңыз таусылмайды.
3. Ақылды әрі ойшыл
Сіз керемет саналы адамсыз. сіздің ойларыңыз бен идеяларыңыз барлығынан да маңызды. Ойларыңызбен оңаша қалып, жалғыздықта көзқарасыңызды ұштауды, бір нәрсеге қатысты ой қорытуды жақсы көресіз. Интровертсіз. Ойлануды, оқуды жақсы көретін жандармен тез тіл табысасыз. Ештеңеге жеңіл-желпі қарамайсыз. Барлығын тереңінен ойлап, түйінін табуға, мәнін іздеуге біраз уақыт жұмсайсыз. Қоғам қарсы тұрса да, өзіңіз дұрыс деп тапқан әрекетті жасайсыз.
4. Зерек те пәлсапашыл
Өз жаныңызда дара әрі бірегей тұлғасыз. Айналаңызда сізге бір тамшыдай болса да ұқсайтын адам жоқ. Түйсігіңіз жақсы дамыған, аздап кірпияздығыңыз да бар. Көбінесе өзгелер сізді дұрыс түсінбей жатады, бұл көңіліңізге кірбің келтіреді. Сізге жеке кеңістік керек. Шығармашылық қабілетіңізді жетілдіріңіз, ол өзгелердің құрметіне лайық. Өмірдің ашық та қоңырқай жақтарын анық көре білесіз. Өте эмоционалдысыз.
5. Батыл да үстем жан
Ешкімге тәуелді емессіз. Басты ұстанымыңыз: «Өзім істеймін». Өзіңізге ғана есептейсіз. Өзіңіз үшін және жаныңызға жақын жандар үшін қалай күшті болып қалу керегін білесіз. Не қалайтыныңызды да жақсы білесіз, қалауыңызбен бетпе-бет келуден қорқпайсыз. Адамдар сізбен араласуда барынша шынайы болуын ғана талап етесіз. Кез келген шындықты қабылдайсыз.
6. Мейірімді де сезімтал
Адамдармен тез араласып кетесіз. Достарыңыз көп, олардың өмірін жақсартқанды ұнатасыз. Айналаңыздағыларға жылы да жарқын ықпал жасайсыз. Жанында сіз барда өзгелер өзін сенімді санайды. Күн сайын кешегіден жақсырақ бола түсуді ойлайсыз. Қызықты, көреген, бірегей болуға ұмтыласыз. Өзіңізді сүймеген адамға да бар махаббатыңызды арнай аласыз.
«Адырна» ұлттық порталы.