Әнші Алтынай Жорабаеваның қалыңмал құны қанша?

4221
Adyrna.kz Telegram

Екінші рет тұрмыс құрған Алтынай Жорабаева күйеуімен некесін қиды. Әнші мәхрге су жаңа көлік сұрағанын айтты деп жазады qaz_stan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап «Адырна» ұлттық порталы.

"Некемізді жаңарттық, достар, сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәхр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын, əрине, Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік қайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер" ,- деді Жорабаева Инстаграмның Stories бөлімінде.
Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасып, екінші мәрте тұрмыс құрды. Бастапқыда кіммен шаңырақ көтергенін жасырған әнші кейіннен жұбайы туралы ашық айтты. Бірге түскен суретін жариялап, жолдасының қай салада қызмет ететінін жеткізді.
"Ассаламуалейкум баршаңызға! 2020 жылының соңғы Жұмасы баршамызға мүбарак болсын! Алла берсе де қайырлысын береді. Барлық адамдарға арналған сабырмен қарап, шүкіршілік етсек, Алланық мейірімі шексіз. Баршаңызға келер жыл үмітмен, берекесімен келсін. Аллаға Шүкір! Байлықтарым", - деп жазды әнші.

Пікірлер