Туған айыңызға қарап мінезіңіз бен денсаулығыңызды біліңіз

3213
Adyrna.kz Telegram

Ұзақ жылдар бойы біз адамның жұлдызы (астрологиялық белгісі) оның өмірлік жолына, мінезіне, мамандығына әсер етеді деп ойлап келдік. Аспан денелерінің адамның денсаулығына да әсері барын астрологтар кейнігі жылдары ғана анықтады. Енді осы бағытта зерттеу-талдау жұмыстары жанданып жатыр. Біз сол зерттеу қорытындысынан қызықты деген тұстарын оқырманға ұсынбақпыз.

Жұлдыздар қаңтар мен желтоқсан айында туылған адамдар жазда өмірге келген құрдастарына қарағанда пысықтау, шапшаң қимылдайтын, ширақ болып келеді екен. Олар тез ауырып,тез жазылады, бірақ созылмалы дертке шалдығып,қандай да бір аурудан азап көре қоймайды. Қайта тез қимылдайтынының арқасында спортпен айналыспаса да өз жасынан жас көрінеді, ұзақ өмір сүреді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Дегенмен «желтоқсандықтардың» шизофрения дертіне бейім келетіні анықталған. Бұл қыста туылса да суықты сүймейтін оларға Д витаминінің жетіспеушілігін білдіреді.

Ақпан мен наурыз айында туылған адамдар гүл тозаңына төзімсіз келеді екен. Бір қызығы, осы айларда туылған балалардың көпшілігі сабырлы болып келеді, оларда психологиялық тұрақтылық байқалады. Бірақ басым көпшілігі бүйрек пен қуық ауруларына бейім келеді екен.

Сәуір мен мамыр айындағы адамдар көбіне білімді, оқуға, ізденуге құмар болып келетіндігімен ерекшеленеді. Содан болар, осы айда туылғандар арасында психикасы бұзылған, күйзеліске бейім, көңіл-күйі тез бұзылатын адамдар көп. Германиядағы зерттеу жұмыстары 150 мың адамның 17 пайызы осы дертке бейім екенін дәлелдеген.

Жаз айларында туылған адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларына бейім екенін дәрігерлер де мойындайды. Жасы қырықтан аса бастағанда тыныс алу органдарында асқыну байқалуы мүмкін. Олардың жүзден аса өмір сүруі қыста туылғандарға қарағанда 23 пайызға кем екен. Витамин жетіспеушілігінен туындайтын ауру белгілері де осыларға тән.

Жаздың соңы мен күзде өмірге келген адамдар арасында спортсмендер көп екені айтылады. Олардың денсаулықтары дұрыс өмір сүруі мен күтінуіне байланысты. Иммунитет әлсіздігі көбіне осыларда кездеседі.

Жарас ҚАСЫМ.

«Ауырмаңыз!» газеті.

Пікірлер