Қ.Нұртастың әйелі министрге ұсыныс айтты

6404
Adyrna.kz Telegram

"Баланы кімдер тәрбиелеп жүр?!Видеоны толық салуға жүрегім дауаламады. Сөз етіп, талқыға да тастамаймын. Тәрбиешінің ісіне баға беруден де аулақпын, үкім шығаратын құзырлы органдар бар" деп жазады белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз өз парақшасында.

Жұлдыз бұл жазбасын балаға қол жұмсаған тәрбиешінің әрекетіне қатысты жариялады.

"Төрт бала тәрбиелеп отырған ана ретінде Білім және ғылым министрлігіне балабақша, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласында мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде дипломы мен құжаттардан бөлек, стресске төзімділігін, жүйке жүйесін, аналық-ұстаздық мейірім мен өзге де адами құндылықтарын анықтайтын бірнеше этаптан тұратын қатаңдатылған жүйе орнатса деген ұсыныс айтқым келеді. Себебі мұндай жағдай елімізде алғашқы не соңғысы емес. Сондықтан мәселені жеке бір адамды не білім мекемесін жазалау арқылы шешіп қана қоймай, жағдайдың қайталанбауы үшін алдын-ала қамданып, қадам жасау қажет дер едім.

Барлық ата-ана балалары үшін таңнан кешке дейін жұмыста. Ал балалары қандай тәрбиешінің қолында.... Көпке топырақ шашпаймын, маңдай терімен бар мейірімін төгіп жүрген ұстаздар да бар. Тәрбиешілердің жалақысын көбейтіп, мүмкін статусын арттыру керек шығар. Бала болашағымыз дейміз, ендеше болашаққа балабақшадан балта шаппайық".

Қайраттың әйелінің бұл жазбасы оқырмандары тарапынан қызу қолдауға ие болды.

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер