«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Атырау қаласындағы «Рауан Налко» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті

2361
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Рауан Налко» кәсіпорнында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы өкілдерінің сайлаушылармен кездесуі өтті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов пен ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Серік Ерубаев жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Шарада облыстық кеңес мүшесі Әбілхан Сейтімұлы мен зейнеткер Ақмырза Батырхайыров, «Рауан Налко» ЖШС-нің аға-шебері Асылбек Мақсотов пен логистика бөлімінің менеджері Руслан Абулханов өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесуге қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасын бірауыздан қолдап, алдағы сайлауда «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

Мақаланың ақысы "Ақ жол" демократиялық

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікірлер