Ақтөбеде әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындар марапатталды

2417
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Парыз» конкурсының үздіктерін марапаттады. Халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырушы кәсіпорындарды анықтауға бағытталған конкурс 2008 жылдан бастап республиканың барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл сайысқа облыстағы 28 кәсіпорын өтінім білдірген. Қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров төрағасы болып табылатын комиссия құрамы анықтаған. Нәтижесінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» , «Үздік ұжымдық шарт» номинациялары бойынша «Қазхром ТҰК» АҚ филиалы Актөбе ферроқорытпа зауыты, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы, «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС, «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС, «Қобда Жер» , «Смағұл» «Рассвет» «Қуан» ЖШС-гі шаруа қожалықтары жеңімпаз деп танылды. Оңдасын Оразалин өңірдің әлеуметін арттыруға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ат салысқан кәсіпорын басшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен қаражылай сыйлық табыстады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер